Атырау облыс әкімінің орынбасары М.Мурзиевтің төрағалығымен «Өңірдегі өндіріс орындарына және инвестициялық жобаларына кадрларды даярлау» тақырыбында жергілікті халықты жұмыспен қамту мақсатында оқу орындары мен кәсіпорын арасында мамандарды даярлау, тәжірибеден өткізу, дуалды оқыту жүйесін жетілдіру және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау мәжілісі өтті.
Колледждің алдына қойған мақсаты: өңірдегі іске асырырылатын ірі инвестициялық жобаларға (яғни газ өңдеу зауыты, бутадиенді каучуктар өндіретін зауыт, тоқыма геосинтетика өндіретін цех, экструзиялық геосинтетика өндіретін цех, тоқыма емес геотекстильді мата зауыттары) қажетті орта буын мамандарын даярлау.
Өңірде іске қосылатын «Қашаған газ өндіру зауыты құрылысы» жобасына 1200-ден астам кадр, Бутадиен зауытының құрылысы үшін 2000-нан астам маман қажеттілігі бар екендігін мекеме басшылары мәлімдеді.
Колледжімен 2026 жылы іске қосылатын Бутадиен зауытына «Полимер өндірісі», «Химиялық технология және өндіріс» мамандықтары бойынша мақсатты кадрлар даярлау бағытында өзара меморандумға қол қойылды.
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылығы жергілікті кадрлардың потенциалын арттыруға, оқу орындарымен бизнестің арасында мықты серіктестік орнатуға өз үлесін қосатынына сенімдіміз.