Арнайы пән оқытушысы Саматова М.Б және өндірістік оқыту шебері Қонысбаев Ғ.С бірлесе отырып, АТПв-22 тобына "Дәнекерлеу технологиясының кезеңдері" атты кіріктірілген сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер дәнекерлеу технологиясы туралы ақпарат алып, Nearpod платформасы арқылы тапсырмалар орындады. Phet бағдарламасы арқылы визуалды түрде схемаларды жалғап шамды жандырды.
Кіріктірілген сабақ нәтижесінде алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану үшін,дәнекерлеудің жасалу жолы көрсетілді.