Колледжде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің арасында «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА» атты байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты жастардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды жас ғалымдарды табу әрі қолдау.
Байқауға студенттердің энергетикадағы жаңа технологиялар, электр энергиясын өндіру, жаңартылған және баламалы энергетика, Smart Grid, көгалдандыру, экология және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту, қалдықты кәдеге жарату және қайта өңдеу бағыттарында 20-ға жуық жобалары ұсынылды.
Байқауға қызығушылық танытып, инновациялық ғылыми бағытта жобаларымен ерекшеленген студенттер мен жетекшілеріне әділқазылар төрағасы, Абай орталығының әдістемелік орталық бөлімінің меңгерушісі Рахышева Анита Жолдасқызы дипломдар мен Алғыс хаттар, сыйлықтар табыстады.
Байқау нәтижесінде:
С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің командасы «Программалық реле» жобасымен - 1 орын;
Атырау индустриалды колледжі командасы «Тротуар плиталары арқылы қадамдардан электр энергиясын өндіру» жобасы – 2 орын;
АРЕС Petrotechnic жоғары колледжінің командасы «Жидкие деревья» жобасы -
3 орын иеленді.
Байқау соңында студенттер мен жетекшілері пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті, өздеріне пайдалы кеңестер алды.