Болашақ мамандарды өндіріске бейімдеу, өндіріс талаптарымен таныстыру, сұхбаттасу кезінде өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кәсіби маман болу жолында» атты колледж студенттерінің мұнайшылармен кездесуі өтті.
ЖШС «Каспиймұнайгаз» ғылыми зерттеу және жобалау институтының лабораториялық зерттеулер бойынша басқарушы директоры Н.Сарсенбеков өзінің өмір жолында жеткен жетістіктерін айтып, болашақта білікті маман болу үшін студенттің өзінің мамандығының қыр сырын білу үшін сапалы білім алып, үнемі ізденіп отыру керектігін түсіндірсе. «Эмбамұнайгаз» АҚ-ның перспективалық даму департаментінің стандарттау және бизнесті оңтайландыру үрдісінің аға инженері А.Борангалиев өндірістік тәжірибе барысында студенттің жеке басының жұмысқа деген жауапкершілігі мен талабы өте маңызды және соның ішінде үш тілді жетік меңгеру болашақта олардың адамдармен қарым қатынас жасауына және жұмыс барысында ағылышын тілін білгеннің өзі көптеген өндірістік жағдайларда септігін тигізетіндігін айтып мысалдар келтірді. Кездесу соңында студенттер болашақта қалаған мамандық иесі атанып, өңірдегі кәсіпорындарда жұмыс жасауға сай болуға сенімді екендерін білдірді.